Аман алып қалды, көтеріп алды, қатарға қосты. ~ Ал мына Адалбайды мен де жақсы білетінмін. Сонау бір жылдары ауданға барған атты ағайындардың ешқайсысы құлағынан тартып тұрғызғандай қу жетімдерді аттарының артына мінгестірмегенде, бұл солармен ұрсысып, өз атының сауырына қара тышқандай балалардың бұтын салаңдатып үшеуін салып келіп еді. Б.Қыд. ~ Әй, шал, басымды қатырма дедім ғой!.. Арғымақ айғырымның күйек майын да бермей кеттің, қайдағы саған тақтай!.. — Әй, сенің сасай болған есегіңді екі жұма сұлыға байлап, құлағынан тартып зорға тұрғызғам. Рақмет айт маған!.. Қ.Ысқ. ~ Жаз ортасында бір келіп қарасаң, бұлардың жері жай егіс емес, гүл алаңы, немесе қолдан тіккен кесте сияқты. Көкөністің өніп шықпасына қоймай, құлағынан тартып өсіретіндей… Қ.Жұм.
