Posted in

ҚҰЛАҒЫНЫҢ ҰШЫНА ДЕЙІН ҚЫЗАРДЫ

Қатты ұялды, кірерге жер таппады. ~ Сол сабырлы әдетін бүгін бірінші рет бұзғанына қысылды ма, кім білсін, Зайкүлдің сөзін естіп болғаннан кейін құлағының ұшына дейін қызарып, төмен қарады. – Мына сөзіңді бізден басқа ешкім естімесін. Ә.Нұрш. ~ Кеудесінің сырылы күшейіп, қылқынып жөтеле бастады. Жөтелі күшейген сайын қысқа мойыны жиырылып жейдесінің жағасына бұғына түсті. Бір кезде құлағының ұшына дейін қызарып кетті. Бет орамалын алып көзінен аққан моншақ-моншақ жасты сүртті. Ж.Қаз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *