Елемеді, сөзге мән бермеді; тыңдамады. ~ Сонда-ақ, Құдай ақы, жазамды тартқым кеп еді, болмады: менің сөзіме сену былай тұрсын, ешқайсысы құлақ та аспады. Ж.Нәж. ~ Сарай маңының өсегі Кіші ханымның құлағына кіріп те шықпайтын тәрізді; кемпірдің сөзімен шаруасы болмай, меңірейген күйі отыра береді. Ә.Кек. ~ Мына той үстінде тағы да сол ренішін күрсіне еске алады. «Келін болып түсіп беташарын жырлатып, ақ көйлекте пәк арманға бөленіп пе еді бұл Балауса?» Самарқау күйеуі келіншегінің тойда сөйлеген сөзіне де құлақ аспайды. Ш.Елеу.
