Айтқан сөзді тыңдады; ақылын алды. ~ «Қазақ деген атымыз бар еді ғой, тым болмаса, бір күн кідірт, қоштасып қалайық» деген тілекке Назар құлақ асқан жоқ. Т.Әбд. ~ Үндемей отырды қыз құлақ асып, Ұялып төмен қарап бетін басып. БС. “Талайлы құл…” ~ Нұрияның Кәмен сөзіне осы сылтаумен құлақ аспай қоюы дұрыс көрінді. Кәмен тағы сыбырлады. Сахнаға мен де бар ықыласымды салғандай ентелеп, оның сыбырын құлағымды тоса тыңдадым. Т.Сәук. ~ Ол әйтеуір осылай өзімен-өзі әлек болып жатып жаңа қатер тіккен қыр тағысы да, айтқанына құлақ аспай қойған қыңыр әйел де кәперінен шығып кетіп еді. Ә.Нұрп.
