Тақау жерден, жап-жақыннан естілген үн туралы. * Ай қараңғы. Бұлт. Желтен қолды күпінің ішіне алып, бұйығып күзетшілер тәтті ұйықтайтын жақсы түн. Қартқожа да ескі күпісін айқара жамылып, басын тұйықтап қорылдап жатыр еді, тап құлақ астынан: — Қартқожа бар ма? Шық бері!— деген түнгі айқай, сойылмен салып жібергендей, сарт ете түсті. Қартқожа қалай тұрғанын да білмеді: — Уа, мен мұнда!— деп атып-ақ шықты. Ж.Айм.
