Таңбалы малай, басыбайлы құл. * Қазақ арасында жүріп Нұртай көп нәрсеге түсініп еді. Жылқайдар қатын әперіп, қасына қоңсы қондырады екен. Оның аты құлақ кесті кұл деген сөз. З.Шүк. * Байқаған да буыны құрып, мас болған-ды ғашықтықтан. Айттыра қоятын күш қайда құлақ кесті қалмақ құлға. Ш.Құмар.* Бір әулетке Ноғайқұлдың кісілігі де жетеді. Кісілік Ноғайқұлдың құлақкесті құлы есепті Назарқұлдың әлгі бір әзерде Шәукенге не дегенін білмейді. Т.Әлімқ. *
Бұрынғылар құлақкесті құлдарын ата-анасындай жақсы көрген. Қ.Түм. * Жақсы көрінсе төре ғып төрінде, кесірлік сезсе құлақкесті құл ғып есігінде ұстар. Басқа таңдау жоқ. Р. Отар.
Басыбайлы жалшы, белгі тағылған құл. ~ Орыс отаршылдығына қарсы ту ұстап, топ бастап, күреске бекем бел буған қаһармандардың қай-қайсысының да алдымен патша әкімшілігінің құлақкесті құлы боп, сойылын соққан жандайшаптарына қатері тігіліп, қаһары төгілетін білгілі. С.Ақт. ~ — Ха, Қалқан, сен құлақкесті құлымсың, ана ауыздан қайыр дуа дарыған шындық күтсем — сұмдық айтпас деп едім; қызыл тілің сұмдыққа да дөп екен, құл алдында ашу шақырмайтын ата салтым қашанғы, аттамаспын салтымды — кештім жүйріктің құнын! Ж.Нәж.
