Posted in

ҚҰЛАҚ ҚАҒЫС ҚЫЛДЫ

Хабар берді; әдейі естіртіп айтты, құлағдар қылды, қалауын жеткізді, хабардар етті. * Әнеукүні кемпірі: “келіннің аяғы ауыр көрінеді” деген құлақ қағыс қып. Содан бері жақсы үміттен дәметіп қара ісекті жайылымға жібермей жемге ұстап отырған. Т.Сәук. * ─ Оқуын бітірді ғой. Аудандағыларға біреу хабарлап та қойыпты. Биылғы қызымызды алып қашып кеткен мұғалімнің орнына өзімізге жіберсін деп, құлақ қағыс қып кеттім. Т.Әлімқ. * ─ Оқуын бітірді ғой. Аудандағыларға біреу хабарлап та қойыпты. Биылғы қызымызды алып қашып кеткен мұғалімнің орнына өзімізге жіберсін деп, құлақ қағыс қып кеттім. Т.Әбд. * Әнеу күні әкесінің базар еті мен магазиннің етін жемейтінін, қолдан сойған малдың етін аңсап тұратынын ол маған тегіннен тегін айтқан жоқ. Әдейі құлақ қағыс етіп айтты. Б.Соқп. * Сонан кейін осы ауылдан бір үй көшсе де әлгі жетім күшік кеудесінде қыңсылап қоя береді. Бәкизат тұрсын, қарт ана да басқа жаққа қоныс аудару керегін құлақ қағыс қыла бастады. Ә.Нұрп. ~ Қайта анасы байғұс шыжбалақтап, өз-өзінен қысылып, мұның бос селтең жүрісін қойып, ағасына қолғабыс жасайтын уақыты әлдеқашан жеткенін құлақ қағыс қылды. Ә.Кек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *