Сөз айтпады, ләм-мим демеді. ~ З а й р а. Ақан кешігіп келді, ойын бұзар аламыз. А қ а н. Жазалағың келсе кінәламай жазаласаң да құлақ қақпаспын, Зайражан. М.Әу. ~ Бер жақта сөйлеген сөзінде Абай Сармолланың өзге молдалармен дауын шеттеп қана еске алды. Нықтап, қатты қайыра, қадап тұрып, сол Сармолла сөзін: “Ең дұрыс ақыл”, “қала халқы құлақ қақпай қолданатын анық достық ақыл” – деп атап берді. М.Әу. ~ … әйтсе де әлгі жаушы жеткізген пәтуаны жер шетіндегі жайбасар би құп көріп – құлақ қақпай орындайды деседі. Сөздің күштілігі деп соны айтыңыз! Д.Дос.
