Тыңдамады; қаперіне алған жоқ. ~ Әр қилы нобайдағы төбе-шоқы, қырат-қырқалар мылқау үнсіздікпен бұған әлдебір тілмен айтып жеткізгісіз құпиясын мәлімдеп тұрғандай. Ж.Айм. * К ү л ә ш. Атекем басында құлақ қойған жоқ. «Қолында дәнемесі жоқ тоқалмен неменесіне арпалыса бересің? Кешегі күңдікте жүрген тоқал емес пе, неменені билеп-төстеп кетті?» — деді де қойды. М.Әу. ~ Менің тұспалдап айтқан сөзіме құлақ қоймайды, көпшілік енді не айтасыңдар? Ойланып, толғанып кеңесіп бір жерден сөз, бір жеңнен қол шығарайық. Бүгін Абайдың көңілін қимай сайласаңдар, ертең құтыла алмайсыңдар. Ә.Кәкіт.
