Posted in

ҚҰЛАҚ САРСЫДЫ (САРСЫДЫ)

Әбден мезі қылған әңгіме туралы. ~ — Құтыбай, өлең айтшы, көңіл көтерші! — деді бір кезде, — сөзден іш толды, құлақ сарсыды. Қақыраған қыста торғай екеш торғай да күнелтеді. Құдайым сол құрлы жаратқан шығар. Қазақтың босқаны бір бұл ма. «Ақтабан шұбырындыдан» кейін де ел болдық. Әлі де болармыз. Ғ.Мұст.

ҚҰЛАҚ САРСЫТТЫ (САСЫТТЫ, САСИДЫ)

Әбден мезі қылған кеп, әңгіме, тақырып, дыбыс, шу туралы. ~ Күллі дүние түлен тигендей тулап шыға келген-ді. Аспан қайда, жер қайда – ешкім ажырата алмастай… Құлақ сарсытып ұлып тұрған жел… Ә.Кек. ~ Адалдық жайында күнде көп айтылып жатады, әлде содан құлақ сарсылған ба? О.Сәрс. ~ Айша, іште жатқан шарананың тіршілік тынысын тыңдап әуре, ал ақ түтек кішкене қыстақты қарға орап, домалата ойнап, сақ-сақ күледі. М.Қаб. ~ Жазумен де, сөзбен де, газетпен де ластанған ұраннан құлақ сасиды. І.Жанс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *