ҚҰЛАҚҚА АЩЫ ТИДІ Жағымсыз естілді, түрпідей тиді. * Бейне әуеге шегелеулі тұрғандай, бір орнынан тапжылмайды, қанаттары дірілдеп. Сол торғайдың шырылдағы ащы тиді құлаққа. Өзгелерден үні өзгеше, не болды екен бейбаққа? Ж.Айм. ~ Әсемнің шыңғыра шыққан дауысы құлаққа ащы естілді. Шешесіне біреудің қолы тиді деп қалды ма, он жастағы жиенім Гүлназ шырылдап келіп анасын бас салды. Қ.Тлеу.
