Аман-есен аяғына тұрды, денсаулығы түзелді. ~ Есікті балталап шауып тастаған күннің кешінде Лима ауруынан құлан таза жазылды, әдемі киініп, сызыла күлімдеп келіп кешкі дастархан басына отырды. Ә.Тар. ~ − Кекіліктің жаны сірі болады, қазір біраз қарға аунаса, құлан таза жазылып кетеді. С. Мұр. ~ «Соны сіздің айтқан әдісіңізбен іштім, қазір дертімнен құлан-таза айықтым, сол үшін сізге рақмет айтқалы тұрмын», – дейді… Ж.Баб. ~ Таңертең бала жаны жадырап, қалжырап қалса да, дертінен құлан таза айығып, құлыншақтай ойнақтап түрегелді. Ш.Айт. ~ Бабалардан ауысқан, ғасырдан ғасырға ұмытылмай келе жатқан жаужүрек бойына тосын күш құятындай, ауруынан құлан таза айығатындай сезінді. Д.Дос. ~ Кешелі- бері ауырғаны құлан таза сауығып кетіпті. Үйде ақсақ, түзде сау тіршілігіне өзі де таңдана бастаған. К.Сег.
