Жан даусы шықты; ащы дауыспен байбалам салды. * Күнікей «апатайлап» шырылдай бастап еді: – Шығарма дымыңды! – деп, аузын басты. Күнікей оған қорықпады, булығып, қақалып: – Ойбай-ай, ойбай! – деп құлындағы дауысы құраққа ұшты. Ж.Айм. ~ Қамар сорлының құлындағы даусы құраққа шықса да: «Бишара-ау, дертіңе шипа берсін, саған кім болса да қастық қылып отырған жоқ қой», – деуден басқа бақсыға қой деуші кісі жоқ еді. С. Тор. ~ Осы мезетте Жәми құлындағы дауысы құраққа шығып, жан түршіктіре бір шыңғырып қалды да, сылқ етіп құлай кетті. Күреңбай ата жөнелді. C.Ом.
