Posted in

ҚҰЛАШ ЖАЙДЫ

Өрісі кеңейді, шалқып-тасыды. ~ Оянып сана – зерде қозғалды ой, Өзіме – айт амандығың, өзіме – той. Шарқ ұрып шар тарапқа құлаш жайып, Шіркін – ай, көтеріліп жұлқынды бой. Ж.Айм. ~ Сенің өмірде құлаш жайған, келешегіңнің таңын атқызған, балалық тәтті шақты қоныштап басып тойлаған бір– ақ жерің бар, ол — туған жер. Б.Бұл. ~ Көкшетау дуанына даңқын, барған, Мен Біржан алтын тудай айқындаған. Естігелі, Сара сені, үш жыл болды, Сері едім төңірекке құлаш жайған. Біржан С.

  1. Өсті, көбейді, етек жайды. ~ Тағы бiраздан соң қызыл шiлтер ағаш сүйектердi құлаш жайып, кең созылған туырлық, үзiктер басып, шаңырақтарына төрткүлдi түңлiктер қонады. М.Әу. ~ …кешегі жалаңаш ағаштар көкжасыл көрпесін жамылып, бұтақтары жан-жағына құлаш жайып, алақандарын енді жазған жас жапырақтардың әсемдігіне көзің тоймайды. И.Бун. ~ Жиылды екі жүз мың жын мен шайтан, Бәрінде от темір мен күрзі-сайман. Жын-шайтан, сансыз болды дию-пері, Бір тауды көтерердей құлаш жайған. “Нұрғаз…”

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *