Posted in

ҚҰЛАШЫН КЕҢГЕ (КЕҢ, АЛЫСҚА) ЖАЙДЫ (СЕРМЕДІ)

ҚҰЛАШЫН КЕҢГЕ (КЕҢ, АЛЫСҚА) ЖАЙДЫ (СЕРМЕДІ) Ісін, ықпалын бұрынғыдан бетер арттырды, алдына үлкен мақсат қойды, биікке талпынды. ~ Өтекеш, сен тым құлашты кеңге жайып жібердің. Әзірге сол айтқан Тапал мен Байдосты икемдейік. Х.Ес. ~ Жағдай былай, Балтеке: Мен мына бизнесімді кеңейткелі жатырмын. «Жанна» деген жай қонақ үй емес, құлашын кеңге жайған кооператив болмақ. Б.Тоғ. ~ Россия жылдам құлашын кең жайып, енді Орта, Орталық және Қиыр-Шығыстық Азияға соза бастады, Соларға жетер жолын барлау үшін соңғы кезде агенттерін жұмсауда. С.Мұқ. ~ Құлашын кең сермей алады – ayданнан айына мол ақша келеді. М.Қаб. ~ Олардың биыл батысқа қарай құлашын кең жая қоймай, төрт түлік малын да шығысқа таман өрістетіп, етек-жеңін ұстап отырған себебі сол екен. Қ.Жұм. ~ Содан кейін барып, құлашын алысқа сермейтінін аңғартқысы келгендей, ана жылаған баласын уататын, қанішер атасының атын алды. І.Ес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *