Posted in

ҚҰЛҒАНАДАЙ ҚУАЛАДЫ (ҚУДЫ)

Қыр соңынан қалмай қойды, пәле болып жабысты. ~ Ал қорқу тым жаман нәрсе емес. Ол сақтықпен де, жауаптылықпен де ұштасып жатады. Осы жұлып шыққан құлғанадай қуалаған пәлелердің қылығынан көпке дейін ел бетіне қарай алмай, бетім күйіп жүрдім. Қалай ұялмайын. Б.Қыд. ~ Қараңғыда қара пәле әрең-әрең көрініп, Қараңдайды өзі түстес бояуына көміліп. Қыр соңымнан қалар емес құлғанадай қуалап, Қаусап, қирап қалғанынша қабырғасы сөгіліп. Н.Айт. ~ — Е‚ бәсе‚ соңымнан құлғанадай қуған кім десем‚ — ол ауырсынып кетті‚ — сен екенсің ғой‚ Жагор. Қап! Қайтейін‚ кеш бәрі де… А.Алт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *