Қалауы, ықыласы-ниеті жоқ. ~ Даржанның шамалыда сөз бастайтын құлқы жоқ. Балпан қонақтарды шайдан соң да өздерімен-өздерін тастап, сыртқа кетті. Даржанның неге келгенін айтпай-ақ біліп отыр. М.Әу. ~ Әкесі күткендей емес, оқуға онша болмай шықты. Түрлі түсті қарындашпен әрқилы сурет салғанды жақсы көруші еді, онысы ермек екен, оқуға мүлде құлқы жоқ. М.Мағ. ~ Былай ғой, шырағым. Әзір пенсияға шығуға құлқым жоқ. О.Сәрс. ~ Түнімен барлығы анасының бауырына тығылысып тыныш ұйықтады. Артық қимыл жасауға ешқайсының құлқы жоқ. Қ.Жиен. ~ Жә, от ала келгеннің отыз аузын болсаң, үйге кір. Тәжікелесіп тұратын менде қулық, сенде құлақ жоқ! .. Қ.Ысқ. ~ Сілесі қатып шаршап келсе де төсекке жантайғанмен көзі ілінбеді. Үй ішінің оны-мұны бірдеңесін істейін десе, оған да құлқы жоқ. Т.Сәу.
