Таң жаңа сыз беріп ата бастаған кез. * — “Түске шейін жамап болып, өзі алып келсін!” — деген бұйрықпен байдың үйі жіберіпті, бүгін құлқын сәріден. М.Әу. * Сасқалақтап қалған ханым жалт қарағанда, Әміршінің мейірлі қос жанарын керді. Ертеңіне таңертең бұл құлқын сәріден тұрып, қызметшілерінің келуін абыржи тосты. Ә.Кек. * Бүгін құлқын сәріден тұрып, оразасын үлгермей Әбсаттар келсе, директор жолдас әлі төсегінде пырылдап ұйықтап жатқан болып шықты. О.Сәрс. * Қарақатынның құлқын сәріден оянып, аяғына мініп кеткені тегін емес екенін біліп бұ да ақ дамбал, ақ көйлекпен сыртқа алау-далау боп жүгіре шықты. Ә.Нұрп.
