Қара басының пайдасын ғана көксейтін, тойымсыз, пайдакүнем адам туралы. ~ Берісі қу құлқынның қулы болып, ішер ас, киер киім қамымен, әрісі байлықка, атақ пен мансапка ұмтылып, ұршықтай үйіріледі. С.Дос. * Ашаршылықта адамдардың бір-біріне деген нақақ қысастығынан, жеме-жемге келгенде хайуани құлқынның құлы болғанынан да қырылғанымызды несіне жасырамыз? Ж.Аяз. * Адам – әлсіз. Одан үміт жоқ. Аяқтап келгенде, бәрі – нәпсінің досы, құлқынның құлы… Т.Шап.
