Posted in

ҚҰЛҚЫНЫҢ ҚҰРҒЫР

Тойымсыз неме, ішкен-жегенің ас болмағыр д.м. зеку сөз. ~ — Атшысын тамағы тойған соң ойлайды екен… Ой, шіркіннің қамқоры-ай! Әй, көк атқан! Ой, құлқының құрғыр! Әлгі бір қойып жатқан жамбас сенікі екен ғой…— десіп жатыр. Ж.Айм. ~ Құлқының құрғыр, осында бір қазына жатыр, құйрық жатыр деп жүрсің ғой… — деп бір кекетіп қойған еді. М.Әу. ~ Жиырма жыл, табандаған жиырма жыл Бүркітбай бие сауыпты. Шыр біткен Бүркітбай болсайшы. Айғыз бөлек Қалиға бір тостаған қымыз жұтқызса, «құлқының құрғыр» деп сұғын қадап тұрып, зәрін қоса жұтқызады. М. Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *