Әлдебір іске қызығушылық білдірмеді, белсенділік танытпады. ~ Әйелдің көңілін табуға Тастыбай қырсыз ба, әлде шашетек шаруаның ыңғайы келмей ме, әйтеуір демалыс дегенге соншалық құлшына қоймайды. Қ.Жиен. ~ – Жарайды, келіп қалған екенсіңдер, барып көрейік, — деді Шихалдай онша құлшына қоймай. — Бірақ содан бірдеме шыға қояр ма екен? Қ.Жұм. ~ Қазір Сарыарқа деген сөзді қай қазақ та мақтанышпен айтады. Ал: «Сарыарқаның шекарасын айтып шықшы!»— десең, екінің бірі оған құлшына қоймайды. Б.Нұрж.
