Емін-еркін қызықтады; армансыз ойнақтады. * Сонда талап иесі Байсал мына сөзді айтыпты: — Сонда Сырым айтады: — Байсалдың менімен құда болғаны рас даңқымменен, араласып сыйласты да халқымменен. Бес жиырма мал бергені рас, бұрынғы ата-бабаның салтыменен. Мұның баласы үш жыл қалыңдық ойнады, құлындай байлады, тайдай жайлады. Бар мақсаты біткен соң, енді алмаймын деген қиял ойлады. Мен онысына көнбедім. Сіздей әділ биді іздедім, осы еді алдыңызға келгенім. “Шешендік сөздер”.
