Тазының ең жүйрігін, аң алғыш, ұшқырын құмай тазы деп атайды. ~ Қобыландыны барғасын Естеміс ерің баулиды. Күнде киік
аулайды, Кездессе жауын жаулайды, Жылқыда жатып Қобыланды Екпіні оттай қаулайды. Қаршығасы қолында, Құмай тазы
соңында. “Қобыланды батыр”. ~ Қазақ мәдениетінде «құмай» тек құстың аты емес, сондай-ақ ең жүйрік және адал аңшы итті
«құмай тазы» деп атайды. БАҚ. ~ «Иттің бәрі тазы емес, еттің бәрі қазы емес». Бұл иттің қадір-қасиетін терең зерттеп,
құмай тазы деңгейіне дейін баптаған дана қазақтың сөзі. Р. Әбді.
