Рахатқа батты, қанағат тапты. ~ Ой, төбеңнен ұрғырлар, тұра тұр, өлтірдіңдер ғой сендер-ақ! Құмарыңды бір қандырып, жындарыңды бір басармын бәлем! – дей бергенде, екі иығынан демін алып Талпақ кірді. М.Әу. ~ Ау, сонда құдайдан безген күнәқар арсыз азғын бұл ғана ма ? Жазығы — өзіне жан тартқан ұрғашымен ләззат бөліскені, оны армансыз илектеп құмарын қандырғаны. Ө.Кәр. ~ Есіл зергер Адамо жазаланған бұл маңда! Бар құмарды қандырдым баста дәурен тұрғанда, Бүгін, міне, зәрумін зәредей бір ылғалға. М.Мақ.
