Із-түссіз ғайып болу туралы. ~ Мүмкін, десті кейбіреулер, олар түнде қаша көшкен Асанжан ауылымен бірге кеткен болар. Әйтеуір жөнелдемеге келгенде ұзынды-қысқалы екеу құмға сіңген судай қарасын көрсетпей жоғалды. Б.Қыд. ~ Бірақ, жаманат жедел жайылып, құмға сіңген судай тез басылған. Т.Рыс. * Анабір жылдары әжептәуір сөз болып, нешетүрлі үлкенді-кішілі мақалалар жазылып, нақты-нақты ұсыныстар жасалып еді. Бүгінде құмға сіңгендей бәрі жоқ болды. Г.Бельг. * Содан бері, мінеки, жеті жылдың жүзі болды, құмға сіңгендей хабар-ошарсыз. Ә.Асқ.
