Жіңішке келген, үзілердей нәзік, қыпша бел. ~ Бір досының бір әдемі талдырмаш келіншек көрсе: «Аш белінен қысар ма еді!» ─ деп тамсанатыны Бағданның есіне түсті. Аш бел! Қыпша бел! Құмырсқа бел! Шіркін, қазағың да сұлулықты тани білген – ау. С.Шәй. ~ … бұрыштағы орыңдықтың қасында тұрған құмырысқа бел келіншек өзіне қарсы келе жатқан, … бурыл шашты, бойы ортадан биіктеу, бірақ сом тұлғалы кісіге қарсы жүрді. Е.Мұх. ~ Құмырсқа бел, ашаң тұлға аспан сұлуына аузының суы құрып телміреді. С.Ел.
