Posted in

ҚҰМЫРСҚА КӨШ

Өнімсіз, баяу ілбіген жүріс. ~ Тұтқын күндері осылай өтіп жатты. Өгіз аяң, құмырсқакөш, әрең жылжиды Ғ.Мүс. ~ Өгіз аяң, құмырсқа көшпен ілбіп отырып, Көкжардың сыртындағы Қарауыл төбеге жеткені сол еді. Б.Аманш.

  1. Құжынай өрген құрт-құмырсқа тәрізді. ~ Ауыздан шықан сөздi қағып алып ақ қағаздың бетiмен қайқаңдай жортқан қара қалам әлденеше парақты аударып барып екi өкпесiн соғып шаршағандай, сiрескен құмырсқа көш әрiптердiң етегiне сылқ етiп көлденең құлай кеткен. Т.Сәу. ~ Қосымханның жазуы: құмырсқа көш – қиқы-жиқы сүйретпе әрiптер. Т.Сәу. ~ Інге кіріп, іннен шыққандай, белуарына дейін жерге батып кеткен атам заманғы алқам-салқам лашықтар. Көшесі, жолы қайсы – білмейсің, құмырсқа көш бірдеңе. Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *