Қазақи өлшем, шамамен 8-10 шақырымдай. ~ Тілмаштар мен әр кеңсенің хатшылары және әр дәреже-лі советник,
тайный советниктер тағы да мол топ болатын. Патшалықтың осындай бюрократтық, шеншіл шұбар тобы
Қарамоладай кішкене жәрмеңкенің атырабын селдей басты, Күймелердің өзі құнан шаптырым жерге үздік-создық
созылған. М.Әу. ~ Жолаушылардан құнан шаптырым жердегі жолдың қыр жағындағы бұл кісілер сағымдалып
көрінеді. Қопақтап, саулап желіп келе жатқан сияқты. І.Жан. ~ Бұлар Кеңөзектен құнан шаптырымдай жердегі
Қызылтасты бетіне алып келе жатқан сияқты деген. М.Әу. ~ Тақау маңда тамшы су жоқ сияқты, осыдан құнан
шаптырым жерде көкпекті тақырға құрықты теріс тігіп кетіпті, біраз тосып, тың тыңдап, ай батқан соң кері қайттық
десті. М.Мағ.
