Posted in

ҚҰНДЫЗ ҚАРА

Құлпыра жайнаған қара түс. ~ Қызыл шырайлы, жұқа өңді бет әлпетінде, дене бітімінің түп- түзу сындарлы сымбатында біртүрлі бөлекше сүйкімділік сезіледі. Қастары жіңішке, құндыз қара. Т.Рыск. ~ Құндыз қара мұрты бұрынғыдан бетер жылтырай түскен. Ә.Кек. ~ Аспанда бір сәт ұшып ақ тырнаны «табалап, мазақтайын!» деп қайта оралған қарқара қанатымен су сабалаған ақ тырнаның аппақ тұлғасына жарасым жасап, сән кіргізген қып-қызыл төбетайы мен құндыз қара құйрығын көргенде қызғаныштан жарылып кете жаздаған болса да: – Бауырым-тыру, көркің сұлу, тым сұлу! – деп қошамет етіпті. “Қ.Ерт.”

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *