Posted in

ҚҰНДЫЗДАЙ ЖЫЛТЫРАДЫ

Жануардың жалт-жұлт еткен әдемі түгінің сипаты. ~ Аққұл құндыздай жылтыраған, қысқа жал, келте құйрық боз айғырмен келеді екен. Кәдімгі «ор текедей орғыған жүйрік» деп атайтын әйгілі сәйгүлігі. Б.Мом. ~ Демежан да қазір Көктұйғынның құндыздай жылтыраған жонынан сипап, иттердің тісі батып кеткен жері жоқ па деп, өне бойын анықтап қарап жатқан-ды. Қ.Жұм. * Бақсам, жүні құндыздай жылтыраған меңсіз қара мысық әйелді алқымынан алып қылғындырып жатырекен. С.Ом. * Ол енді жүні құндыздай жылтыраған қасқа арғымақты шабамын деп ұмтылған болатын. Ғ.Біл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *