ҚҰНДЫЗДАЙ ҚҰЛПЫРДЫ Жылтырай жайнап, көздің жауын алды. ~ Бұлардың бәрінен де тарықпаған сәби Амантай екі беті құндыздай құлпырып, балтыры бесіктей, дені сау боп өсті. С.Мұқ. * Сәл жел тұрса болғаны, жаңа жетіле бастаған жердің түгі құндыздай құлпырып, бірде жасыл, бірде сұрғылт түске енеді. Қ.Жұм. ~ Шаш шықты жетіден соң қаптап қара, Құлпырды құндыздай боп бара-бара. Көргеннің көңілі еріп кететұғын, Сол кезде сұлулықпен озды дара. Т.Ізт.
