Posted in

ҚҰНДЫЗДАЙ ШҰБАДЫ

Бірінің артынан бірі ілесті. ~ Жергілікті қазақтар ауыл-ауылдан қатынап, ертеңді-кеш қыр асып, жаяу-жалпылы құндыздай шұбап бара жатар еді. О.Бөк. * … жолсыз, жөнсіз жортқан он жігіт ауыл шетіндегі тілдей көпірді әрең дегенде сипалап тауып, құндыздай шұбап өте береміз дегенде кеңірдектен келетін өзеншеге Нұржан аяғы тайып кетіп, оңбай құлап еді… О.Бөк. * Арғы дүниеге ғасырлар бойы аттанған адамдар қол ұстасып, құндыздай шұбап ән салып келе жатса… тірілер не бетін айтар еді». Нұрлан өз ойынан өзі шошынды. О.Бөк. * Бірінің артынан бірі қаздай тізіліп, шұбап бара жатқан тышқандарды көрсеңіз, “құндыздай шұбаған” деген мәтел есіңізге оралар. О.Бөк. * Құндыздай шұбаған қызылды-жасылды шерудің соңынан ала ауылдың тамам бала-шағасы еріп, қыл- аяғы қайқы құйрық итіне дейін еркелеп ермек тапты. О.Бөк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *