Әлдебірдеңеге ынта-ықыласы жоқ, бағаламады, көңіл қоймады, елемеді, салақсыды. ~ Сүлей көңіл жетер тең құрбыларына «кəсіп қылайық, егін салайық» дейді. Бірақ оны құнт қылып, соңына түсуге ыңғайы жоқ. Тек қалай еткенде Сүлей «өлмей» соқаның көтін ұстасын ба? Ж.Айм. ~ Қарабас күліп: – «Күнәң аз болса, күн есепте!» дейді екен осы күнде молла, қожа. Бірақ қолдан келсе, есепші болған жақсы-ақ қой. Мен құнт қылмай, құр қалып жүрмін. Болмаса, есепшілердің айтқаны аумай келетін жылдар болады, – деді. М.Әу. ~ Құннан да, қадірден де қалдың құр қол – Құнт қылмай, қуып құлқың, құлды қанап. С.Дөн. ~ Ең болмаса, мынау әкемiздiң үйi едi деп бала-шаға үйiрiлiп табысып жүретiн бiр дүңгiршек салып алуға да құнт болмапты ғой. Т.Сәу.
