Ынта-ықылас, талпыныс, ниет тапшы д.м. ~ Мешіт салу қиын емес, оған кәміл сене беруіңізге болады. Ал медресе- мектеп дегеніңіз біз үшін сәл ертерек шығар. Өйткені біздің қазақ медресе түгіл, өз басына үй тұрғызуға құнты жетпей жүрген халық қой. Қ.Жұм. ~ Сауытбектің әкесі осы үйде туып өскен. Қартаймай елуден асып барып тосын дерттен қайтқанда да осы үйден шыққан. Оны жаңартуға күші жетсе де бұның құнты жетпей жүр. К.Рах.
