Құнсыз, бағасыз; түк емес, бір тиындық та құны жоқ. ~ Үйіргенде алшы түсіп, кенейлердің тобын бұзғанымызға мәз
боламыз… Егер билік пен мансап адамға сол үшін керек болса, маған оның құны көк тиын. С.Мұр. ~ Ішімді өртеп күйдіруде, Аласұрған от құйын. Жаралмасаң сүйдіруге, Өмір құны көк тиын. Н.Айт. ~ Бірақ жанымдай жақсы көретін, ең жақын адамның алдында ұятты екенімді ойлағанда тындырған істерімнің бəрі көзіме көрінбей, құны көк тиын боп қалады. Н.Кел.
