Posted in

ҚҰР ТҰЛЫПҚА МӨҢІРЕДІ

Жоқ нәрсеге сенім артты, босқа алданды. ~ Сенің де махаббатың өзгелердікінен бөтен болмағаны ма?» «Өлген артынан елу жоқ. Ақбаян енді маған өлген адам. Құр тұлыпқа мөңірегенмен не пайда? Өмірді қайта бастау керек» деймін мен енді өзіме-
өзім жауап беріп. І.Ес. ~ О л ж а й Қойыңдар, жалғыз айтып құтырып па? Жастар тұр қарызынан құтылып па? Шығарсын қарсы айтарлық тең ақынды, Болмаса мөңірей ме, құр тұлыпқа? М.Әу. ~ Тіпті ыза болғаным сондай, сол жерде бетіне былш еткізіп айттым да салдым: «Ендеше, сенің бір тиынға да керегің жоқ. Мен үйленгелі екі ай болды. Сен құр тұлыпқа мөңіреген сиырсың» деп. Ә.Нұрш. ~ – Естиін дегенің осы ма? Тілегенің осы болды ғой. Жә, енді ұр мен бейбақты. Соқ , құр
тұлыпқа мөңіреп , жас өмірін қор ғып жүрген, бағы қайтқан сорлыны! Мә, міне көсеуің!- деп тал көсеуді кемпірдің алдына тастай салды. Ж.Сәм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *