Асқан мергендік. ~ Бабындағы жаңа машина. Қасымда Бегалин Байқадам деген қарт аңшы бар. Бетпақтың даласын түгел кезіп, алақанындай, білетін адам. Біз оны басшылыққа алғамыз Айтуынша құралайды көзінен ататын мерген.. С.Мұқ. ~ Әкем «құралайды көзінен атып түсіретін» нағыз мерген еді. Аңға барған сайын әкелетін құстары отыз-қырықтан кем болмайтын. Г.Дулат. ~ Кейде мергендікте сынға түседі. Онда Дүйсенбайды шығарыңдар, құралайды көзге атады… З.Шүк. ~ Бесатарды түйеге артып жүреді дейді. Өзі құралайды көзге ататын мерген көрінеді. Мен ана үлкен уәкілге соның ізіне түселік, деп айтып едім, ол: «қамалға қарсы шаба аламыз ба?» деп қабылдамады. С.Бег.
