Дұға оқыды. ~ Әлгі сенің “жөн” дегеніңнен есіме түсіп отыр, Маратбек-ау. Содан молдекең жарықтық құран аударып алған қызыл тайыншасын да маған қалдырып кетті. С.См. ~ …Жаныс би пайғамбар жасына жетіп, баласы Тағыберген болыстыққа сайланғаннан кейін Жаныс ауылының қозыкөш жердегі Ащықұдықтан қыстау салдырып, құран аударып, дүнияуи істерден алшақтап отырады екен. М.Ақдәу. ~ Анық сол кісі болса, Құлжан оған неге тіл қатпайды, неге үйге алып келмейді? “Сасқаным сонша, тілім байланып қалыпты!” дейді. Өздері талай “тие берсін!” деп құран аудартқан аруақ қайта тіріліп келгені ме? Астапыралла! Ә.Тар. ~ — Оралып, алдыңызға келем, — деді ақсакалдан бата алып, риза, қош айтысқан соң, көңілі босап. — Бес жылдан соң. Келмесем… жаназамды шығарып, құран аудартыңыз, əке… М.Мағ. ~ Абай Оспанға да ас беріп ат шаптырған жоқ. Оспан өлгеніне жылы толғанда ағайын туғаны жиналып, құран аудартып, бата ғып тарқасты. Әрх.Ысқ. ~ Аруағымен желеп жебеген Құлжан- бек нағашысының рухына арнап құран аудартты. Бейітіне сан мәрте барып тауап етті. Ө.Кәр.
