Айрықша ынта салып, жадында сақтады. ~ Жүйріктердің ащы тері жирен сақал шабдар шал мен тыриған арық сарының көз алдында ғана алынады, мұны шабандоз атаулы құран сөзіндей жаттап алған. А.Смай. ~ Дәл осы кезде Алтыншаш пен Күміс келіп сөз бөлініп кетті, бірақ Генстің айтқандары Есіркегеннің жүрегінде құран сөзіндей жатталып қалды. І.Ес. ~ Ол үшін əр қазақ басқаны қойса да, бір ғана Абайды біліп, ең болмаса оның бір өлеңін – «Қалың елім, қазағым, қайран жұртын» ұғып, тереңіне бойлап- түсініп, құранның сөзіндей жаттап алса екен. Жаттап қана қоймай, күнде таңертен ұйқыдан ояна бере дұғадай қайталап, өзінің иманына айналдырса екен. З.Қаб.
