Құранды қолға алып ант етті. ~ Мә, бетін аш та, сүй, мына «Кәлам -шәрифті!..» – дейді Айғаным. Өзінше – діндар Шыңғыс, құран ұстап, ант ішуге қорыққандай іркіліп еді: – Мә, ал! – деді Айғаным, зілді дауыспен түйіле қарап, – сүй! С.Мұқ. ~ Үлде мен бүлдеге оранып аяғын еріне басқан сұлуды қалың малын төлеп қойған жерінен босатып, басына еркіндік береді деген сөзге дені сау адам илана қояр ма. Ол рас болса құран ұстап анттасқандары, құйрық– бауыр жесіп төс соғыстырғандары қайда қалады. О.Көш. ~ …Пірім дейін – Құран ұстап, Қол берген! – Пірі өлмейді, Пірәдәрі өлгенмен!.. И-Ғай. ~ Екі жақтың да аузы дуалылары қауымның терістік бетіндегі шыңдағы кеуекте жатқан Қараман атаның басына барып құран ұстасып, ант берісті. Ә.Кек.
