Жуан қарын. ~ Айналасын жер жұтқан Айды батпас демеңіз, Айнала ішсе азайып, Көл суалмас демеңіз. Құрсағы құшақ байлардан Дәулет таймас демеңіз. Бұқар ж. ~ — Не ғып жүрген баласың? — дегенде, — Елшілікке келдім, — депті. — Еліңнің кәтталары қайда? — дегенде, — Елімізде нардан кәтта ешкім табылмады, — депті. — Қарны жуан, құрсағы құшақ билері қайда? — дегенде, — Кебежеден қарынды табылмады, — депті. — Ақсақалы қайда? — дегенде, — Мынадан сақалы артық кім бар дейсіз? — депті. “Қ.Ерт.”
