Құрып қойылған тордан қашып кете алмады, мойын ұсынды, мәжбүрлеуге көнді. ~ Момын болсаң да, қашып отырсаң да, осы жаман-шылықтың құрығынан құтылар күнің жоқ. М.Әу. ~ Жыл сайын қыс басынан қарлы болып, малға панасы жоқ болғандықтан, бауырын жайлаған ел малын өлтіріп, өзге ел аман отырғанда, шолақ жұттың құрығынан құтылмайтын. М.Әу. ~ Арамыз жеті жылдық жол дегені — Жеті жылдан бері осылай тұрамыз дегені де. Әйтеуір Есеней құрығынан құтылмасына бой сұнып қойған Ұлпан ең болмағанда тоқал емес, үлкен орданың бәйбішесі боларына көзі жетті. Ғ.Мүс. ~ Басында бағы, астында тағы бар, қолына мың сан әскер ұстаған қаһарлы хан да ажал құрығынан қашып құтыла алмайды екен. Қ.Жұм. ~ Жыл сайын қыс басынан қарлы болып, малға панасы жоқ болғандықтан, бауырын жайлаған ел малын өлтіріп, өзге ел аман отырғанда, шолақ жұттың құрығынан құтылмайтын. М.Әу. ~ — Қиянға қашып кетсем де Қараңқағырдың құрығынан құтыла алмайтын болдым – ау, — Веттхник уһ деп демалды. — Өтеудің өлгені бірінші ме еді… Қ.Ысқ.
