Үркек аттай бой бермеді.. ~ Күнәсіз ернінен жігіттің алғашқы рет сүйгеніне сонша қысылған кешегі албырт Ақбаянның бүгінгі қылығы мынау. Көңіл шіркін тағы да алғашқы рет құрық көрген асау жылқыдай тулай жөнелді. І.Ес. ~ Ал Бірләнмен, екі баласы бар әйелмен кездесуі жеңіл дүние емес екенін осыдан он күн бұрын білген. Жоқ, ол күні Сырым бірінші рет құрық көрген дөнендей ыршып түскен. І.Ес.
