Posted in

ҚҰРЫҚ МОЙЫН

Ұзын мойын. ~ Ойнап айтып тұр ғой дедім де қойдым. Аңсағанмен ауылдас құрық мойын қызға жалтақтадым. Н.Сер. ~ Студенттер каникулдан қайта бастаған. Мен Аңсағанның жерлесі құрық мойын қыздың жолын тостым. Поездарды аңдып жүріп, вокзалда алдынан шықтым. Н.Сер. ~ Тыным таппай тыраулаған тырналар, Құрық мойын, сырық сирақ мырзалар. Алыс-алыс қиырға алдың жол-сапар, Қайда, қандай бізге ылайық олжа бар? Б.Шим. (БАҚ) ~ Қазақ қыздары жасы он үшке толғанда қос бұрымына салмақты шашбауды қоса өріп, аяулысының тік жүруін, қайқы кеуде, құрық мойын болуын қадағалайды. БАҚ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *