Posted in

ҚҰРЫҚ ТАСТАМ

Қазақи өлшем. Құрық тастаса жетерліктей қашықтық. ~ Сары қаншық сәл тыпырши түсіп, артына бір көз тастады да, үйден құрық тастам тік жарқабаққа қарай бүлкектей жөнелді; қушық кеудесінен итерген ызғырық желге қарайтын емес. М.Сүн. * Рамазанның астында жалы тоқпақтай қаракер ат, қара бешпентінің сыртынан қызыл жолақ мата белбеумен буынып алыпты. Қаракерді сипай қамшылап, құрық тастам жерде киіктің текесіндей болып алда келеді. Т.Әбд. * Бір ғажабы күй шалған жігіттің аяғын аймалаған өзен суы бұрқамапты. Сылқ – сылқ күліп, құрық тастам ұзай беріп, долылық атыпты. С.Смат. * Неден осынша үрікті? Алдындағы торының жалдысын – ай? Басы да кішкентай екен… Құрық тастам алда жұлынуын жануардың. Бері… Бері бұрылдыма – ей. Сақтай гөр құдай, таптап өтпесе неғылсын». М.Сүнд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *