Қолға үйренбеген, асау аттай. ~ Бірақ қорқыныш сезімі адамның еркінен тыс нəрсе ғой. Құрық тимеген асаудай тулайтын үрей сезіміне тізгінсалып, ауыздықтап алу көрінгенің қолынан келе беретін жеп-жеңіл іс емес. Н.Кел. ~ Құдды құрық тимеген асаудай тулаған бойымдағы ыстық сезімді қалай ғана тұншықтырып тастай бердім? Н.Кел. * Мұрат қарымен қапсыра орай, оның белінен сүйемелдеді. Құрық тимеген асаудың жонындай қыз денесі дір ете қалды. Т.Ахт.
