ҚҰС МҰРЫН (ТҰМСЫҚ) Дөңестеу келген имек мұрын. ~ Жаңағы жан ауыртқан қиял мен әртүрлі елестер сытылып кетіп, айналасы әппақ әлемге малынып, қарсы алдында орта бойлы, дембелше келген, атжақты, құс мұрын жігіт тұрды. Қ.Түм. ~ Ашаң денелі Мырзабек құс мұрыны салбырап, ернін шүйірген күйі бұларға назар аударған жоқ, өзімен өзі… Б.Ыб. ~ Қара сұр жүзді, құс тұмсық, аяғынан әскери керзі етігі бір түспейтін өткелші Қуан екенін сары қаншық айна – қатесіз таныды… М.Сүнд. * Алпамса денелі, ебедейсіздеу, шықшыты томпайған құс тұмсық, қоңыр жігіт екен. Б.Мом. * Мә, осы жердегі баланың кішісі өзіңсің, — деп қамыс құлақты атжақты, құс тұмсық, ашаң келген Жапалға ұсынды. Қ.Түм.
