Береке-байлық қонды. ~ Біздің тұқымға тіл-көз тиді. Мінеки сол тұқымнан құт дарыған Жармағанбеттен жалғыз қалдым. Т.Әбд. ~ Әкеме бататыны – тұқымына құт дарып, үйдің іші толған бала болып, астан-кестені шығып жатса,- деген тілегінің орындалмай кеткені. Т.Әбд. ~ Мен шыр етіп дүниеге келген бұл киелі мекен Қызылқұмның етегіндегі топырағына құт дарыған, берекелі бесік — Аққыр. Қ.Ади.
