Posted in

ҚҰТТЫ ҚОНЫС (МЕКЕН)

ҚҰТТЫ ҚОНЫС (МЕКЕН) Құт-береке сыйлаған жайлы мекен. ~ Немесе, анығы – қоңыр құмырсқалар нәсілінің пәленбай деген тұтас бір халқы сыртқы зұлым жау, күшті, рақымсыз отаршылдың тепкінімен, өздері қырық, сексен, жүз… бірнеше жүз, бәлкім, мың жыл бойы мекен еткен құтты қонысынан біржола ығып, жаңа отан табу әрекетінде жаппай жер ауып кетті. М.Мағ. ~ Айдын шалқар Балқаштың айналасын ғасырлар бойы құтты қоныс еткен бес облыс адамдарының күні келешекте не болмақ?! Б.Тоғ. ~ Нәсілі түрік болғандыктан, атамекенін аңсап, ежелгі қара қоныс Тұран өлкесін бетке алып, сапарға шыққаны, бабаларының құтты қонысынан тапжылмай елдігін сактаған қандас бауырларымен қауышып, шер-құмардан шықсам деген ниеті — аңыз да болса ақиқатқа жуық. Ө.Кәр. ~ Төсі түгел сылаңдай аққан сансыз бұлақ. Осындай құтты қонысты қалай қиып кетерсің, қалай сағынбассың?! Д.Әш. ~ «Шіркін, жер-ақ қой! — деп түйді ол.— Нағыз малдың жері! Құтты мекен. Түбінде осы аймақтың бәрін малға толтырса!» Б.Тоғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *