ҚҰТЫРҒАН ИТТІҢ КӨЗІНДЕЙ ҚАНТАЛАДЫ Екі көзіне қан құйылып, ежірейе қараған адамның кейпі. ~ Әлгiлер де ауылға кiмнiң келiп, кiмнiң кетiп жатқанын алақандағыдай мүлтiксiз аңғармақ. Және жойыттардың көзi құтырған иттiң көзiндей қып-қызыл болып қанталап тұратын едi. Ә.Ыб.. ~ Түсі оңа бастаған көк көздері құтырған иттің көзіндей қанталап, оқ тиіп долырған сары аюдай қорбаңдап, Бүркітбай кіріп келе жатыр. С. Мұқ.
